ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ, ҚОЛ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ

Директордың блогына қош келдіңіз!

Асанов Ахан Шакенович

“ Асанов Ахан Шакенович - Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінің директоры. Асанов Ахан Шакенович 1963 жылы 22 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. 1980 жылы Түркістан қаласындағы қазіргі № 15 М.Жұмабаев атындағы мектебін бітіріп, 1980 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының гидромелиорация жұмыстарын механикаландыру мамандығына оқуға түсіп, 1985 жылы аталған институттың инженер-механик, 2009 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық интитутының Тарих мамандығы бойынша тарихшы біліктіліктері бойынша оқуды тәмәмдаған. Алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Түркістан қаласындағы № 21 кәсіптік техникалық училищесінде мұғалім болып бастап сол мекемеде комсомол комитетінің хатшысы, 1990 жылы Түркістан қаласы комсомол комитетінің ІІ хатшысы, 1991 жылы Түркістан қалалық әкімшілігінің жастардың кәсіпкерлігін қолдау қорының төрағасы, 1993 жылы Әскери қызметте Түркістан және Сары-Ағаш қалаларының қорғаныс істер жөніндегі бірктірілген бөлім басшысы, 2009 жылы «Тұран» колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2010 жылы «Абай» орта мектебінің директоры, 2012 жылы Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі директоры қызметтерін атқарды. 2023 жылдың шілде айынан бастап Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінің директоры қызметін атқарып келеді.”




Сіз осында пікір қалдыра аласыз.