ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ, ҚОЛ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ

Жаңалықтар

«Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» ұйымдастырушысы – ұлы ақын Алаша Ахмет Байтұрсынұлы. Туғанына 150 жыл толуына орай «Халқымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты шараға колледжіміздің студенттері Сапар Ақниет пен Нұрділда Қарлы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

"Өлкетану және туризм" клубының ұйымдастыруымен "Ұлттың ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы" тақырыбында тәлімгерге тағзым атты іс-шарасы өткізілді. Мақсаты ақын өмірін студенттерге үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.


1 наурыз – Алғыс айту күніне орай колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Рахмет шын жүректен...» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Сайыстың мақсаты – оқушылардың сөйлеуге, есте сақтауға, ой-өрісін дамыту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту.

Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінде "Ой дода" интеллектуалды білімділер сайысының үшінші кезеңі өтті. Сайысқа төрт командадан қатысып, жүйрік шыққан команда финалға жолдама алады. Бұл жолғы кезең бойынша МДТ 21-11 Алшынбаева Раулан апайдың командасы есеп бойынша алдыңғы орынға шығып, финалистер қатарына қосылды.

"Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ мамандарымен "Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің алдын - алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру" тақырыбында колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесу барысында студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, ашық пікірсайысқа ұласты.

Қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және алдын алу бойынша колледж педагог-психологтары ұйымдастыруымен «Уақытты тиімді пайдалана аласын ба?» және жастар арасында өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеу бойынша алдын ала іс-шаралар жүргізілді.

Image placeholder

Білім-бұл өмір

0 Студенттер
0 Мұғалімдер саны
0 Кітаптар

0 Түлектер

Мамандықтар

Басшылар

Асанов Ахан Шакенович

“ Асанов Ахан Шакенович - Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінің директоры. Асанов Ахан Шакенович 1963 жылы 22 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. 1980 жылы Түркістан қаласындағы қазіргі № 15 М.Жұмабаев атындағы мектебін бітіріп, 1980 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының гидромелиорация жұмыстарын механикаландыру мамандығына оқуға түсіп, 1985 жылы аталған институттың инженер-механик, 2009 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық интитутының Тарих мамандығы бойынша тарихшы біліктіліктері бойынша оқуды тәмәмдаған. Алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Түркістан қаласындағы № 21 кәсіптік техникалық училищесінде мұғалім болып бастап сол мекемеде комсомол комитетінің хатшысы, 1990 жылы Түркістан қаласы комсомол комитетінің ІІ хатшысы, 1991 жылы Түркістан қалалық әкімшілігінің жастардың кәсіпкерлігін қолдау қорының төрағасы, 1993 жылы Әскери қызметте Түркістан және Сары-Ағаш қалаларының қорғаныс істер жөніндегі бірктірілген бөлім басшысы, 2009 жылы «Тұран» колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2010 жылы «Абай» орта мектебінің директоры, 2012 жылы Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі директоры қызметтерін атқарды. 2023 жылдың шілде айынан бастап Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінің директоры қызметін атқарып келеді.”

Асанов Ахан

Касимбеков Султанбек

“Касимбеков Султанбек Тургунбекович - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары”

Касимбеков Султанбек

Мауленов Сержан

“Мауленов Сержан Сейітұлы - директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары”

Мауленов Сержан

Пазылов Темірбек

“Пазылов Темирбек Раймбекович - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары”

Пазылов Темірбек

Джаякбаев Мейрбек

“Джаякбаев Мейрбек Сырлыбаевич -директордың оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.”

Джаякбаев Мейрбек

Бекжигитов Ильяс

“Колледж заңгері”

Бекжигитов Ильяс